«№12 колледж»МКҚК сайтында сіздерге сәлем жолдаймын, онда сіз біздің оқу орны туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды және шешуші қадам. Бүгін дұрыс қабылданған шешім сізге болашақта сұранысқа ие маман және табысты адам болуға мүмкіндік береді. Заманауи маманды сапалы даярлау жабдықталған материалдық-техникалық базаны, оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді талап етеді. Біздің колледжде жоғары кәсіби деңгейде оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін зертханалар мен шеберханалар бар. Мамандарды дайындауда, жұмыс берушілермен тұрақты серіктестік байланыс орнатылған. Колледж студенттердің кәсіптік практикадан өту және кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігі үшін ұйымдармен және мекемелермен байланысты белсенді түрде дамытып отырады. Оқу процесін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын материалды-техникалық, кітапханалық және ақпараттық ресурстар жеткілікті болып табылады және іске асырылатын білім беру бағдарламаларының талаптары сәйкес келеді. Біздің колледждің түлектері қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайда тиімді жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті мамандар деп айта аламын. «№12 колледж» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу тұрақты, перспективалы, лайықты болашаққа табысты бастама болсын. «№12 колледж»МКҚК директоры Рысбаев Ерлан Жақсыбайұлы
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР ЖӘНЕ САЙТ ҚОНАҚТАРЫ!
Директорға сұрақтар
Сәлеметсіз бе ? Аттестаттың орта балы жетпесе «Аспаз» мамандығына екінші топ ашылады.
Техникалық және кәсіби білім ұйымдарында алынған дипломды жоғалтқан жағдайдағыдай қалпына келтіріледі. Алайда, мұның алдында ол полицияға құжаты жоғалғаны жөнінде арыз жазып, газетке сәйкесінше хабарландыру беру керек. Содан кейін студенттік бөлімге ішкі істер органының анықтамасы мен газетке шыққан хабарландыруды көрсетуі қажет.Дипломның төлнұсқасын беруге өтінішті жазуыңыз керек. Өтініш оқу орнының директорының атына оқу орнында белгіленген формаға сәйкес жазылады
Сәлеметсіз бе? Колледжге түсу үшін құжаттарыңызды 20 маусымнан 25 тамызға дейін тапсыра аласыз. Біздің колледж дәл қазіргі уақытта «Серпін» бағдарламасымен студенттер қабылдамайды.
Сәлеметсіз бе? Ия, жатақханаға студенттерді қабылдаймыз,олар үшін толық жағдайлар жасалған.