© 2012 12 college
Колледж тарихы

1987 жылдың мамыр айынан
1992 жылдың ақпан айына
дейін училище директоры қызметін атқарған.
Білім мекемесін басқарған тұлғалар
  • 1992 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың шілде айына дейін кәсіптік мектеп директоры болып қызмет атқарған;
  • 1961 жылы ВЛКЖО Орталық Комитетінің грамотасымен марапатталған;
  • 1984 жылы «Қазақ КСРО-ның Халық ағарту ісінің үздігі» құрметті атағын алған;
  • Облыстық мәслихаттың депутаты;
  • Сарыағаш ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.
Серғазы Арғынғазы
  • 2004 жылдың тамыз айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін кәсіптік мектеп директоры қызметін атқарған;
  • Қазіргі таңда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда.
  • Сарыағаш ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.
Сулейменов Мұстафа
  • 2005 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін колледж директоры қызметін атқарған.
  • Джиенбаев Сейтназар басқарған жылдары колледждің материальдық-техникалық базаны нығайту аясында 2 компьютер сыныптары жабдықталып, 2 дана трактор, жүк көліктері және ауылшаруашылық техникалары алынды. Колледж ғимараттары толығымен күрделі жөндеуден өтті.
  • ҚР БжҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Тәуелсіздікке 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.
  • Қазіргі таңда аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
  • Сарыағаш ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.
Джиенбаев Сейтназар Абдуғаппарұлы
  • 2017 жылдың 4 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін №12 колледжді басқарып келеді.
  • Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Рысбаев Ерлан Жаксыбаевич
Дауылов Асылбек Сайфутдинович
Хегай С. 1973 жылы қыркүйек айынан 1975 жылдың маусым айына дейін училище директоры қызметін атқарған. 1975 жылы Қаз ССР-нің орталық комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

  • Болтенко В. 1975 жылдың қыркүйек айынан 1977 жылдың тамыз айына дейін училище директоры болып қызмет атқарған;

  • Джилкибаев Дулат Джилкибаевич 1980 жылдың қаңтар айынан 1987 жылдың наурыз айына дейін училище директоры болып қызмет атқарған.
Хегай С.

  • «№12 колледж» МКҚК мекемесі Қаз ССР Министрігі Кеңесінің шешіміне сәйкес, халық депутаттары Шымкент облыстық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен 1973 жылдың 20 маусымында суландыру жүйесінің механизаторы мамандарын дайындайтын №107 қалалық кәсіптік-училище болып ашылған.
  • 1987 жылы №31 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді.
  • 1996 жылы 10 мамырда Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің №495 бұйрығымен орта кәсіптік –техникалық училищеден №12 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгертілді.
  • 2004 жылы №12 кәсіптік мектеп, 2008 жылы «№12 кәсіптік лицей» МКҚК болып қайта өзгертілді.
  • 2012 жылдың 24 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің №394 қаулысымен «№12 колледж» МКҚК аталды.
  • Оқу корпусінің жалпы көлемі 2708 ш.м, шеберхана көлемі 2420 ш.м, жатақхана көлемі 4998 ш.м, тұрмыстық корпус көлемі 1585 ш.м, орталық қазандық көлемі 307 ш.м, ашық спорт алаңы -4000 ш.м және автокөлікте жаттығу алаңы (автодром) 15000 ш.м құрайды.
  • 2017 жылдан бастап Рысбаев Ерлан Жақсыбайұлы колледж директоры болып ұжымды басқарып келеді.
  • Колледж 48 жыл бойы кәсіби-техникалық кадрларды даярлауда және техникалық мамандықтарды таңдаған мектеп бітірушілердің басым бөлігі үшін тартымды болып табылады.
  • Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 2019 жылғы 21 ақпандағы KZ45LAA00014232 білім беру қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясы және Түркістан облысы Әділет департаментінде тіркелген колледж Жарғысы негізінде жүргізіледі.
Егер 1973 жылы колледж «Ауылшаруашылығы суландыру механизаторы», «Тас қалаушы», «Ауыл шаруашылығы құрылысының шебері», мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырса, қазіргі таңда жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін технологиясы және киімді үлгілеу,» » Дәнекерлеу ісі,» «Слесарлық іс» , «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша бүгінгі таңға дейін 12 мыңнан астам кадрлар дайындап ауданның экономикалық әлеуетіне үлес қосып келеді.

  • Колледж Білім беру қызметтерінің кешенін жүзеге асырады:
— ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының мазмұнына және мемлекеттік үлгідегі диплом беруге сәйкес ҚР мамандықтарының классификаторы шеңберіндегі білім беру қызметінің бағдарламалары;
— халықты жұмыспен қамту мақсатында оқыту және қайта даярлау бағдарламалары (республикада іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде).
  • Колледжде оқу бюджеттік негізде, сондай-ақ күндізгі түрде жүзеге асырылады. Оқыту мемлекеттік тілінде жүргізіледі.
  • Колледждің жобалық қуаты -720 орын. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша 387 студент оқып жатыр.
  • 2020 жылы колледж лицензиялық талаптарға сәйкес мемлекеттік аккредиттеуден сәтті өтті. Колледждің инженерлік-педагогикалық құрамында жоғары білімді, білікті мамандар студенттердің бәсекеге қабілетті таңдаған мамандығының шыңына жету жолында талмай қызмет етеді.
  • Бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінде жемісті еңбек етіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне бағыштаған ұжым, сүбелі үлестерін қосып, ел тәуелсіздігі тұғырын бекемдеуге, ұлттық руһы асқақ, жасампаз еңбек пен білімді, өнер мен мәдениетті, салауатты өмір мен адамгершілікті мұрат, бірлік пен ынтымақты ардақ тұтқан тұлға қалыптастыру ісінде жемісті еңбек етіп келеді.

  • №12 колледждің тарихына үңілсек, адамзат ұрпағын тәрбиелеп, жұмысшы кадрлар дайындау – адамның ең басты борышы деп ұққан талай осы оқу ордасын басқарған басшылар бұл күнде бүкіл аймаққа мәлім. Бұл басшылар білім беру үдерісін дамытып, колледждің материалдық-техникалық базасын жарақтандырып, оқу қабинеттерін зертхана, шеберханаларын күшейтіп, көркейіп-гүлденуіне қосқан үлесі орасан зор.
№12 колледж тарихы