© 2012 12 college
Tilda Publishing
ІС - ШАРАЛАР
Студенттік сайлау өтті.

18 қазанда «№12 колледж » МКҚК І-ІІ курс студенттері арасындағы белсенді топтан студенттік президенттікке үміткерлер сайлауы өткізілді. Сайлау нәтижесінде «Автокөліктерді жөндеу жөніндегі электрик» мамандығының ІІ-курс студенті Төлеген Асылбек Нұржанұлы кандидатурасы озық деп табылып, жоғары ұпай жинап, басқарушылық қызметке тағайындалды.
Сайлауда студенттер өз таңдауларын жасады. Қорытынды нәтижесін комиссия мүшелері кешкі сағат 17:00-де жариялады. Сайлау барысында ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Енді осы жеңіске жеткен үміткер келесі оқу жылына дейін жұмыс нәтижелерін көрсетулері тиіс» деп хабарлайды Жастар ісі жөнідегі инспектор Нурмәт Динара. (18.10.23ж)


Tilda Publishing

19.04.2023.

“N12 колледж” МКҚК білім алушы студенттерге жалпы пәндер арасында колледжішілік олимпиада болып өтті.
Олимпиаданың ұйымдастырылу мақсаты колледжішілік жеңімпаздарды анықтап облыс көлеміндегі олимпиадаға барып, бақ сынап, алған білімдерін паш етуі.
Жеңімпаздарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгул Турлыбекова марапаттап, студент жастарға сәттілік тіледі.


Tilda Publishing

19.04.2023.

Сарыағаш қаласындағы №71 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдерінің басшылығымен аталған мектеп оқушылары «№12 колледж» МКҚК-на сапар барысымен келді.
Мұндағы басты мақсат 9-сынып бітірушілерін колледжде қамтылған мамандықтармен таныстыру, қалаулары бойынша колледж қабырғасымен таныстырып, мамандық таңдауда қателесіп жатқан жоқ екендіктерін түсіндіру.

Студенттік сайлау өтті.
Студенттік өзін-өзі басқару – студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі.
18 қазанда «№12 колледж » МКҚК І-ІІ курс студенттері арасындағы белсенді топтан студенттік президенттікке үміткерлер сайлауы өткізілді. Сайлау нәтижесінде «Автокөліктерді жөндеу жөніндегі электрик» мамандығының ІІ-курс студенті Еркинбек Диас Қайратұлының кандидатурасы озық деп табылып, жоғары ұпай жинап, басқарушылық қызметке тағайындалды.
Сайлауда студенттер өз таңдауларын жасады. Қорытынды нәтижесін комиссия мүшелері кешкі сағат 17:00-де жариялады. Сайлау барысында ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Енді осы жеңіске жеткен үміткер келесі оқу жылына дейін жұмыс нәтижелерін көрсетулері тиіс» деп хабарлайды Жастар ісі жөнідегі инспектор Нурмәт Динара.
18.10.22ж.
Tilda Publishing

14.04.2023.
14 сәуірі күні Ішкі саясат бөліміне қарасты »Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің ұйымдастыруымен
«15 cәyip — Бозбала мен Бойжеткен» ғашықтар күніне орай байқау болып өтті. Байқауға Сарыағаш ауданы бойынша іріктеуден өткен 12 жұп қатысты. Колледжіміздің намысын қорғаған Абдынасыр Елдос пен Серікқызы Дина
қатысып, бақтарын сынады.
Байқаудың мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен дінімізді өскелең ұpпaққа насихаттау, жас ұpпaқ санасына өзгенің емес өзіміздің ұлттық сүйіспеншілік, махаббат бейнесін қалыптастыру, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру және дарынды жастарға қолдау керсету.
Байқау 3-кезеңнен тұрды. өздерін таныстыру, өнерлерін ортаға салу және сахналық көрініспен дәстүрімізді дәріптеу болды.
Байқау қорытындысы бойынша жастарымыз «Ізденімпаз жұп» номинациясына ие болды. Жастар ресурстық орталығы КММ тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Сайысқа қатысқан жұптарға шығармашылық табыс тілейміз
Tilda Publishing

12.04.2023.
КОЛЛЕДЖДЕР КӘСІБИ КАДР
ДАЯРЛАУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРЕДІ
Аудан әкімі Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан
№12 колледжіне арнайы келіп, нарық сұранысына сай кәсіби мамандықтар бойынша білім беретін жергілікті арнаулы оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.
Колледж директоры Ерлан Рысбаев колледждің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етіп, студенттердің енгізген жаңа жобаларымен таныстырды. Аралау барысында аудан басшысы колледждің оқу кабинеттерін, кітапхананы көріп, оқытушылармен, студенттермен сұхбаттасты.
Абдуллаев Арман Айдарұлы колледждің жұмысына оң баға беріп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қоғамдағы маңызын атап өтті.

Tilda Publishing

14.04.2023.
Кәсіби бағдар жұмыстары
Қала, аудан мектептерінде кәсіптік бағдар беру іс-шаралар жоспары негізінде №12 колледжінің арнайы құрылған топ мүшелері мен оқытушылары Сарыағаш қаласындағы және ауыл елді мекендердегі жалпы орта мектептеріне барып 9 сынып және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Жұмыс барысында мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, №12 колледжінде оқытылатын 2023-2024 оқу жылы бойынша қабылданатын мамандықтармен таныстырды.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне сүйену керек. Сондықтан, мектеп бітіруші түлектер, Сіздерді алдағы мемлекеттік емтихандарыңызды сәтті тапсырып, мамандық таңдауда қателеспей, кәсіби мамандар дайындайтын «№12 колледж» МКҚК-ға оқуға шақырамыз, біз сіздерді күтеміз!

Tilda Publishing

12.04.2023.
Тоғыз айға 9 іс-шара
«Шахмат ойнау» челенджі
Колледжде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде «Шахмат ойнау» челенджі өткізілді.
Колледждің оқытушылары мен білім алушылары арасында өткен тартысты ойын, қатысушылардың интелектуалды қабілетін оятып ғана қоймай, шахмат ойынына қызығушылықтарын және сыни, логикалық ойлауын дамытты.

Tilda Publishing

12.04.2023.
«Орта білімммен бірге мамандық»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы» №478 бұйрығы негізінде Сарыағаш қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін эксперименттік білім беру бағдарламасын түсіндіру бойынша колледж қызметкерлерінен жасақталған жұмысшы тобы Сарыағаш қаласындағы С.Ысмайлов атындағы №5 жалпы орта мектебінде 9-сынып оқушыларымен бірге ата-аналар жиналысында эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау тәртібі, бағдарламаның мақсаты жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша 10-11 сыныпты жалғастыратын білім алушылары және ата-аналарына кәсіптік бағдар жұмыстарын насихаттады.
2025 жылға қарай жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту 100% жеткізу міндеттері , құжаттар тізбесінің толтырылу барысымен түсіндірілді.
Оқушылар өздері қызықтырған мәселер бойынша сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды.


Tilda Publishing

07.04.2023.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» №117 шығыс хатына сәйкес, 2023жылғы 7 сәуір күні, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Спорт-күш, спорт өмір» атты көктемгі таңғы жаттығуы марафоны Сарыағаш қаласы «№12 колледж» МКҚК ауласында таңғы сағат 10:00-де болып өтті. Спорттық жаттығуға бүкіл колледж студенттері қамтылды.Сонымен қоса спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып,студенттеріміз белсене қатысты.



Tilda Publishing

06.04.2023.
Білікті маман даярлау заман талабы
Сарыағаш қаласы «№ 12 колледж» МКҚК. Кәсіптік практика бойынша «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығының, ІІІ курс 20-45 тобының студентері «Гаухар Нур» ЖШС-і басшысы З.Нурмахановмен, ЖК «Алина» тігін цехінің басшысы Ф.Рузеевамен келісім шарт негізінде кәсіптік практикадан өтуде. Кәсіптік практика мақсаты – теориялық курсты игеру нәтижесінде студент меңгерген білімді және іскерлікті бекіту, студенттің қажетті практикалық білімді, жұмысындағы дағды мен шеберлікті меңгеруі.
Өндірістік оқыту шебері Саденова Жиенкулдің жетекшілігімен күнделікті топтағы барлық студенттердің біліктілігін тікелей игеруін, өндіріс жағдайларында кәсіби практикалық жұмыстарының сапалы өтілуін, мамандықты тиімді деңгейде меңгеруін жіті бақылайды.
Практика білім алушының жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізері анық.




Tilda Publishing

05.04.2023.
Мамандық таңдау – маңызды қадам
«№12 колледж» МКҚК-ны Сарыағаш аудандық №30 С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебі арасындағы кәсіптік бағдар беру және іс-тәжірибе алмасу жөніндегі меморандумның мүмкіндіктерін пайдалана отырып 9-шы сынып оқушылары жетекшілерімен экскурсия жасап келді.
Мектеп оқушылары оқу орнының базасымен танысып,өндірістік шеберханаларды көріп,кәсіпке деген құштарлығын ояту мақсатында болған экскурсияда оқушылар келешек өздері оқитын оқу орнының тыныс тіршілігімен танысып,мұражайды,өндірістік шеберханаларды аралап,көптеген мағлұматтар алды





Tilda Publishing

04.04.2023.
Мамандық таңдау – маңызды қадам
№12 колледж 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес және Сарыағаш ауданына қарасты жалпы орта мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу жалғасын табуда. «Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда» атты іс-шарасы негізінде 2023 жылғы 04-сәуір күні колледж оқытушылары Сарыағаш қаласындағы және Тегісшіл а/ә аймағындағы мектептерін аралап, 9-шы және 11-ші сынып оқушыларына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Насихаттау жұмыстары барысында студенттер колледждің тыныс тіршілігімен таныстырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.






Tilda Publishing

31.03.2023.
БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ БІЗДІҢ МАМАНДЫҒЫМЫЗДА
№12 колледж 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес және Сарыағаш ауданына қарасты жалпы орта мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. «Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда» атты іс-шарасы негізінде 2023 жылғы 31-наурыз күні колледж оқытушылары бірнеше мектептерді аралап, 9-шы және 11-ші сынып оқушыларына үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Насихаттау жұмыстары барысында студенттер колледждің тыныс тіршілігі туралы және қандай мамандықтар оқытылатынын түсіндіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.







Tilda Publishing

18.03.2023.
Спорт – денсаулық кепілі
«Қош келдің — әз Наурыз!» онкүндік мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес Сарыағаш қаласы №12 колледжiнде денешынықтыру пәнінің жетекшісі Ж.Нурмановтың ұйымдастыруымен қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен жарыста №22-04 топ қыздары жеңімпаз атанып,дипломмен алғыс хаттармен марапатталды.








Tilda Publishing

14.03.2023.
Наурыз мерекесіне Сарыағаш қаласы № 12 колледжде 14-наурыз-Көрісу күніне (Амал мерекесі) арналған іс-шара өтті. Бұл мереке еліміздің Батыс өңірінде ғана тойланады деу жаңсақ пікір. Бұл — ежелден келе жатқан еліміздің барлық өңіріне тән ортақ мереке. Бұл күні жасы кішілер жасы үлкен әулет мүшелеріне сәлем беріп, үй-үйді аралау дәстүрі қалыптасқан. Балаларға сый-сияпат жасалған. Бұл күні ,, Бір жасың құтты болсын,, -деген тілек айтылады екен. Іс-шараның барысында сол ата-баба дәстүрін дәріптеп, келешек ұрпаққа жеткізу. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету. Колледж білім алушылары асқан қызығушылықпен, бар ынта — ниеттерімен қатысып, өз-ара тілек тілейді. Елдің, жердің амандығын тілейді!
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу бұл көненің желісі еді,
«Жасың құтты болсын!» — деп жамырасып
Ақ ниетпен адал қол беріседі.
Мақсаты: Студенттерді қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Баланы жан-жақты дамыту. Балаға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып,қадірлеуге тәрбиелеу. Балаларға қоршаған әлемнің тұтас бейнесін адамдар мен табиғат әлемінің арасындағы өзара байланыс пен тәуелділігін түсінуін қалыптастыру. Қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттыру.