№12 колледж МКҚК қабылдау комиссиясы қабылдау Ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Оқуға түсу үшін жеке тұлғалардан өтініш, оқуға түсу емтихандары мен білім алушылар құрамына оқуға қабылдау кезеңіне 10 маусымнан кешіктірмей, колледж директорының бұйрығымен мүшелері тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті үкімет пен атқару органдарының өкілдері, жұмыс берушілер, қоғамдық және білім беру мекемелерінің өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының төрағасы сайланады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (өтініш беруші немесе оның заңды өкілі) колледжге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), не «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттарды ұсынады. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдісінің сипаттамаларын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлетiн өзге де ақпаратты қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген.
2021-2022 оқу жылында білімі туралы құжат сәйкестігі, сондай-ақ қабылдау квотасын ескерумен міндетті және бейінді пәндер бағаларының орташа конкурстық балл бойынша абитуриенттерді автоматтандырылған орналастыру нәтижелерімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Cmart nation» ақпараттық жүйесі берген колледждің білім алушылар қатарына қабылдауға абитуриенттер тізімін ұсынды.
Кесте 3.5. Білім алушылар контингентінің құрылымы