© 2012 12 college
Құжаттар тізімі

Колледждің құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттары:
№12 колледж МКҚК Жарғысы, Түркістан облысы Әкімдігінің 2019 жылдың 27 тамыздағы қаулысымен бекітілген.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№12 колледж» МКҚК-на жер учаскені тұрақты жер пайдалануға беру туралы ҚР Президентінің «Жер туралы» Заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Үкіметінің 1996 жылғы 20 маусымдағы №260 Қаулысының негізінде Сарыағаш қаласы әкімінің 1998 жылғы 12 ақпандағы №22 шешімімен бекітілген жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт, жер учаскесінің кадастрлік номері: 19:306:004:055 жер учаскесінің көлемі 6,7 га.
-Сарыағаш қаласы Әйтеке би көшесі №1 үй мекен-жайында орналасқан Білім беру қызметімен (қосымшаға сәйкес) айналысуға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Түркістан облысының «Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің, №KZ45LAA00014232 21.02.2019ж. Мемлекеттік лицензиясы.
— № Колледждің 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткендігін растайтын куәлік (7 білім беру бағдарламасы), «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы (АТҚО), куәліктің жарамдылық мерзімі 10.03.2020ж. – 09.03.2025ж.; Тіркеу нөмері ІА 0089.
  • Колледж бойынша барлық жылдық жұмыс жоспарлары.
Колледждің жылдық жоспары Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес жасалынған. Жылдық жоспар барлық құрылымдық бөлімдер бойынша жеке дайындалады және колледж директорымен бекітіледі.
Жоспарда колледж миссиясы, пайымы, стратегиялық мақсаты туралы қысқаша ақпарат қоса беріледі.
Колледжде техникалық және кәсіптік білім беру бағытында келесі мамандықтар бойынша дайындайды:
№ KZ45LAA00014232 Берілген күні: 2019 жылғы 21 ақпан
Қосымшаның нөмірі: 017, 018, 019,020,021,022
Қосымшаның берілген күні: 14.04.2021 жыл
Колледждің оқытушылар құрамы білім беру қызметінің басты ресурсы болып табылады. Колледждің кадрлық саясаты стратегиялық мақсаттарға, саясатқа сәйкес келіп, заңнамалық актілерге, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Кадрларды іріктеу және орналастыру персоналды басқару рәсімдері бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Жарғы, біліктілік сипаттамаларының талаптары. Жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу негізінде жүзеге асырылады (30-бап ҚР Еңбек кодексі). Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің базалық кәсіби білімінің, сондай-ақ тәжірибелік жұмыс өтілімінің, жеке қабілеттерінің, кәсіби құзыреттілігінің және жеке басының қасиеттерінің болуы ескеріледі. Жұмысқа қабылдау кезінде оқытушымен жеке еңбек шарты жасалады, кадр бөлімінің инспекторы оқытушы мен колледж қызметкерін ішкі еңбек тәртібімен, корпоративтік этика ережелерімен, тиісті қызмет түрін регламенттейтін ережелермен таныстырады. Колледжде педагогтің кәсіби қызметіне:
  • соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
  • іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
  • психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
  • адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді, осы бағыттағы заңнама жағдайлары қатаң сақталады.
Жоғарыда келтірілген пункттер бойынша педагогтің кәсіби қызметіне қайшы келетін тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жол бермеу мақсатымен жұмысқа қабылдау кезінде келесі құжаттар талап етіледі:
  • соттылығы жоқ туралы анықтама;
  • наркологиялық диспансерлік есепте тіркелмегендігі туралы анықтама;
  • психикалық аурулар есебінде тіркелмегендігі туралы анықтама;
  • техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом.
Колледждің оқытушылар құрамы білім беру қызметінің басты ресурсы болып табылады. Колледждің кадрлық саясаты стратегиялық мақсаттарға, саясатқа сәйкес келіп, заңнамалық актілерге, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Құрылымдық бөлімдердің штаты жоғары біліктілігі бар қызметкерлерден тұрады, басқару міндеттеріне сәйкес келеді.
Кадрларды іріктеу және орналастыру персоналды басқару рәсімдері бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Жарғы, біліктілік сипаттамаларының талаптары. Персоналды басқару жүйесі лауазымдық нұсқаулықтар арқылы функционалдық міндеттерді бекітуді көздейді. Әкімшілік-басқару құрылымының жұмысы ҚР Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының қызмет ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Әкімшілік-басқару құрылымының функционалдық міндеттері бөлімдер туралы тиісті ережелерде және лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген, басшылар арасында ұтымды бөлінген, оларда функциялардың қайталануы жоқ. Колледждің кадрлық қамтамасыз етілуі және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің штаттық кестесі күнтізбелік жылдың бірінші қыркүйегінде белгіленеді. Штаттық кестенің лауазымдары колледждің типі мен түріне, басшылардың, мамандардың және қосалқы персоналдың біліктілік анықтамалығына сәйкес келеді. Басқару қызметі колледжді басқару құрылымына және құрылымдық бөлімдер басшыларының лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың алқалылығы колледждің педагогикалық кеңесі, әдістемелік кеңес, пәндік-циклдік комиссия арқылы жүзеге асырылады. Колледждің оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі мен педагогикалық біліктілігі әрбір аттестатталатын мамандық пен кәсіп бойынша дайындық мазмұнына сәйкес келеді, бұл білімі туралы құжаттармен, жалпы және педагогикалық жұмыс өтілімен, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесімен, біліктілікті арттыру мен тағылымдамаларды ұйымдастырумен, оқуәдістемелік жұмысқа қатысумен расталады.
Педагогикалық қызметкерлер білім беруді тиімді іске асыру қажеттіліктеріне сүйене отырып, сондай-ақ бір штаттық оқытушыға және білім алушылар контингентіне арналған оқу жүктемесінің жалпы көлеміне сүйене отырып қалыптастырылады.
Жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу негізінде жүзеге асырылады (30-бап ҚР Еңбек кодексі). Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің базалық кәсіби білімінің, сондай-ақ тәжірибелік жұмыс өтілімінің, жеке қабілеттерінің, кәсіби құзыреттілігінің және жеке басының қасиеттерінің болуы ескеріледі.
Педагогикалық қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына сәйкес штаттағы оқытушылар үлесінің біліктілік санаттары мен атақтары бар жалпы санына арақатынасының нормативтік көрсеткіштерімен анықталады
(11.03.2016 ж.өзгерістермен).
Сандық құрамының көрсеткіші 2022-2023 оқу жылы бойынша инженер-педагог қызметкерлер саны, барлығы — 59; соның ішінде: педагогтар – 40; өндірістік оқыту шеберлері – 19.
Педагогикалық қызметкерлердің сапалық көрсеткіші бойынша кезекті және мерзімінен бұрын педагогтарды аттестаттаудан өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес іске асырылады.
Әр оқу жылынының басында жоспарға сәйкес педагогтердің аттестаттаудан өтуі бойынша әдістемелік бөлім семинарлар жүргізеді. Әрбір аттестаттаудан өтетін педагогқа бұйрық таныстырылады, олармен жеке жұмыстар жасалынады, портфолио бойынша құжаттарды жинақтауға көмектеседі.
2022-2023 оқу жылы бойынша инженер-педагог қызметкерлер саны, барлығы — 59; соның ішінде: педагогтар – 40; өндірістік оқыту шеберлері – 19.
Барлығы -59 ішінде:
  • жоғары санатты – 6 (10,2%);
  • бірінші санатты – 4 (6,8%);
  • екінші санатты – 4 (6,8%);
  • педагог – зерттеуші – 3 (5,0%);
  • педагог-сарапшы – 5 (8,5%);
  • педагог-модератор – 5 (8,5%);
  • Санаты жоқ-32 (54,24%)
Біліктілік сапасы бойынша – 18 (30,5%).

Кесте 4 Педагогтердің біліктілік санаты бойынша талдау