«№12 колледж» МКҚК жанындағы студенттер жатақханасы орналасқан, 1973 жылдан басталып жұмыс жасап келеді. Жатақхана 4 қабатты, 2005жылы күрделі жөндеуден өтті. Жатақханада 370 орын студенттерге арналған, кітапханасы, демалу бөлмесі, киім жуу бөлмесі, киім үтіктеу, кептіру бөлмелері, қызметкерлер орындары мен студенттердің қосымша факультативті сабақтарға арналған аудиториялар қамтылған. Әр секцияда 2 бөлмеден орналасқан. Бөлмелерде студенттерге арналған инвентар нөмірленген жихаздармен қамтылған. Әр қабатта студенттердің жуынатын душтары орналасқан. Әр оқу жылында колледж директорының атына жазылған арызымен, комиссия мүшелерімен талқылана отырып, жатақханаға колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылы студенттердің арызын негізге ала отырып қаулы шығарылып, жатақхана беріледі.
Жатақханаға старосталар тағайындалып, кезекшілік қызметі атқарылып тұрады. Жатақхананың фаесінде арнайы студенттердің тәрбиелік шаралары, қосымша сабақтан тыс шаралары өткізіледі. Жатақхана ішінде кітапхана, екінші қабатында студенттерге арналған демалу орындары берілген. Студенттердің өтініштері қаралып, жатақхананың ішкі тәртібінің ережесімен танысып қол қояды.
Оқу орнымыздағы Студенттік өзін-өзі басқару – колледж білімгерлерінің өміріне ғана емес, басқа оқу орындарының студенттеріне де үлгі. Әсіресе, студенттік өзін-өзі басқарудың жатақхана жастары үшін табысты болғанын атап айта аламыз. Онда Студенттер кеңесі жатақханадағы ережелерді сақтау, тұрмыстық қажеттілікке сай жағдай жасау мәселелері бойынша маңызды жұмыстар атқарады.
Бүгінде жатақханада жататын студент жастардың сабақтан тыс бос уақытында футбол, волейбол, баскетбол, үстел тенисі, тоғыз құмалақ үйірмелеріне қатысуға жағдай жасалған.
Сонымен қатар, тәрбиелік іс-шаралар өтіп,тазалық шаралары, қауіпсіздік ережелері туралы студенттерге жиі ақпараттар беріліп, жұмыс жоспарына сүйене отырып жүзеге асады. Жатақхананы жанұя жағдайларына байланысты, тәжірибе уақытында алмасуға байланысты студенттер өздеріне берілген мүліктерді жауапкершілікпен тапсырып, жатақхананы босатады