2025 жыл -Жұмысшы мамандықтар жылында жаңа мамандықтар ашу.
2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең. Қолдау мен қамқорлықтың арқасында жұмысшы мамандардың беделі артып, Қазақстанның экономикалық әлеуеті одан әрі дамиды.
- Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау;
- Техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп жатыр. Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ету. Осы бастамаға орай колледжімізде 2025-2026 оқу жылына қабылдау барысында жаңа мамандықтар ашу жоспары көзделіп отыр.
Атап айтар болсақ:- 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
- 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
- 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)
- 07140400 Робототехника және кірістірілген жүйелер (салалар бойынша) мамандықтары бойынша кадр даярламақ.
Еңбек нарығына қажет, еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен 149 млн теңге қаражат бөлінді.